Екібастұздағы МАЭС-1-ден микросфераны заңсыз шығарғандар ұсталды
Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" және "ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Жинаушылар күл-қоқыс қалдықтарын ауыр жүк көлігімен алып кетуге тырысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде белгісіз адамдардың күлдің жеңіл бөлігін қаптарға жинап жатқан сәттері кеңінен тарады. Ал мұны Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 заңсыз деп танып, күл жинаушылардың әрекетін өздерінің Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.
«Екібастұз МАЭС-1 күл үйіндісінде күл-қоқыс қалдықтарын яғни жеңіл күл фракциясын заңсыз жинау басталды. Күл-қоқыс қалдықтардың меншік иесі болып табылатын Екібастұз МАЭС-1-мен шарттық қатынастары жоқ заңды және жеке тұлғалар жинап шығаруда. Атап айтқанда, 24 сәуір күні Екібастұз МАЭС-1күл үйіндісінде күл-қоқыс қалдықтарын заңсыз жинау, қабылдау, сақтау, тиеуге дайындау және күл үйіндісінің аумағынан күл-қоқысты шығару фактісі анықталды», - делінген жазбада.
Тіпті, күл-қоқыс қалдықтарының бір бөлігін алып кетпек болған КамАЗды тәртіп сақшылары тоқтатты.
«Қарасор көлінің аумағынан микросфера тиеп шыққан Камазды полиция қызметкерлерін ұстады, - деп атап өтті полиция департаменті. Осыған орай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-188 - "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" және "ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».
ПД ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.