Бірнеше өңірде күн райы бұзылады
Синоптиктер жел күшейіп, шаңды дауыл тұратынын ескертті
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндізгі екпіні 25 м/с құрайды.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарда шығыстан соққан жел екпіні 15-20, түнде 25 м/с құрайды, Түркістан облысында түнде және таңертең шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м /с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды деп күтіледі.