$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Балалар жылы шеңберінде қандай іс-шаралар өтеді

Балалар жылында өтетін шараларды іске асыруға 48,3 млрд теңге қарастырылған

Биыл Балалар жылы шеңберінде қандай іс-шаралар өтеді

Елордада Балалар жылына арналған іс-шараларға қатысты балалар құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Отырыс барысында балалардың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы мәселелері қаралды. Кеңеске білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсенбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау департаменті директоры Асқар Ниязов, Денсаулық сақтау министрлігі ана мен баланы қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Олжас Ысқақов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және отбасы мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сарапшылар қатысты.

Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева күн тәрбінде қаралатын негізгі мәселелерге тоқталып, шараны ашып берді.

«AMANAT» партиясын трансформациялау нәтижесінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі кеңеспен біріктіріліп, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Біз айналысатын сұрақтар аясы кеңейді және алдымызда жаңа міндеттер тұр. Кеңес мүшелері 30 білікті азамттардан құрылған.  Бүгін біз балалар жылына арналған шаралардың жоспарын ақылдасатын боламыз. Сондай-ақ «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру жұмыстарын қарастырамыз», - деді Динара Зәкиева.  

Республика бойынша барлығы 6 млн 300 мың бала бар

Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсенбаев балалар жылы шеңберінде өтіп жатқан шаралар жөнінде айтып, балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

«Мемлекет басшысы биылғы жылды Балалар жылы деп жариялағаннан бастап 20 наурызда Үкімет қаулысына байланысты менің басшылығыммен республикалық штат құрылған болатын яғни, іс-шараны атқаруды ұйымдастыру және соған қатысты нәтижеге жетуге байланысты топ құрылды. Бұл жұмысты ұйымдастыруда жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдармен бірлескен жоспар құрылып, жұмыстар атқарылып жатыр. Бекітілген жоспар 50 тармақтан тұрады. Оның 27-і қазір жүзеге асып жатыр. Аталған шараларды іске асыруға 48,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Балалар жылы шеңберінде өңірлерде көптеген іс-шаралар өтуде. Республика бойынша 6 млн 300 мың бала бар. Аз қамтылған отбасылардан 59 бала, көпбалалы отбасылар - 60 пайыз, жетім балалар – 64%, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың 49%-ы қамтылды. Жылдың екінші жартысында 100 пайыз қамтылады деп жоспарлап отырмыз. Балалар жылында балаларға шын пайдасы тиетін шараларды ұйымдастыруға шақырамын», - деді вице-министр.

Отырыста биыл өтетін іс-шаралар жоспарында көрсетілген 50 тармаққа қатысты сарапшылар өз пікірін айтып, нақты жұмыстар жүргізу барысында түрлі жобалар ұсынды.

Бұған дейін Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылын тек ұрандап мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалу керектігін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары