$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Студенттердің ЖОО-дағы тағылымдамасы жұмыс өтілі болып есептелуі мүмкін

Қазақстанда 220-дан астам мамандық трансформацияланып, 239 жаңа мамандық пайда болады

 

Студенттердің ЖОО-дағы тағылымдамасы жұмыс өтілі болып есептелуі мүмкін
© Sputnik

Дипломын жаңадан алған маманның жұмысқа орналасуы үшін негізгі кедергі – оның жұмыс өтілінің болмауы. Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек бұл мәселені шешу үшін студенттердің ЖОО мен колледжде тағылымдамадан өтуі жұмыс өтілі ретінде есептелуі керек екенін айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біздің ұсынысымыз бойынша оқу орнындағы тағылымдама кезеңі еңбек өтілі болып есептелуі тиіс. Бұл жарты немесе бір жыл аралығын қамтуы керек», - деді депутат Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.

Ал Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында 160 мың жас 400 АЕК көлемінде грант алады. «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 20 мың көпбалалы ана мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар үйден табыс алу үшін қайта оқытумен қамтылатын болады. Олар үшін нарықта сұранысқа ие 10 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді курстар мен бизнес-консультациялар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Қазақстанда 220-дан астам мамандық трансформацияланып, 239 жаңа мамандық пайда болады.

Серіктес жаңалықтары