Атырау облысындағы газ - химия кешенінің құрылысы: мемлекеттік аудит барысында кемшіліктер анықталды

Azattyq Rýhy

14 жылдың ішінде басқарушы командалар, мердігерлер мен акционерлер бірнеше рет ауысқан

Атырау облысындағы газ - химия кешенінің құрылысы: мемлекеттік аудит барысында кемшіліктер анықталды
фото: azh.kz

Есеп комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Атырау облысындағы Интеграцияланған газ-химия кешені құрылысының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудитті аяқтады, деп жазады АқЖайық басылымы.

 Құрылыс 2008 жылдан бастап Қытайдың Мемлекеттік даму банкінің қарыз қаражатына және Қазақстанның Ұлттық қорының қаражатына жүргізіліп жатыр. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ведомстволық бағынысты «KPI Inc» ЖШС қазақстандық компаниясы құрылыс операторы болып табылады.

"Мемлекеттік аудит «China National Chemical Engineering Ltd.» бас мердігерімен «толық аяқталған» құрылыс келісімшартын жасасу кезінде, ҚР тарапынан құрылыстың жүргізілу барысын бақылау тетіктері толық көлемде айқындалмағанын анықтады.Мәселен, келісімшартта қазақстандық тараптың Бас мердігер мен оның жалдайтын жекелеген компанияларының шығындарын верификациялау тетігі болмаған, жобадағы жеке акционерлердің рөлі айқындалмаған. Сонымен қатар, инвестицияларды қайтарудың қаржылық моделі ескірген, жабдықтар мен материалдарды кері экспорттау фактілері анықталды" деп хабарлайды Есеп комитеті.

Қазіргі уақытта кешеннің құрылысы аяқталу сатысында, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

"Есеп комитеті жоба операторының барлық жұмыстарды уақтылы аяқтау және кешенді іске қосу жөніндегі күш-жігерін қолдайды. Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар ҚР Президентіне ұсынылды және Есеп комитетінің пікірінше, алдағы уақытта осындай келісімшарттар жасасу кезінде ескерілуі тиіс" делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.