$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда күйеу баласы енесінің қажылыққа баруға жинаған ақшасын ұрлап кетті

Ол түн ішінде туысының үйіне баса-көктеп кіріп, ақшасы мен алтынын алып кеткен

Таразда күйеу баласы енесінің қажылыққа баруға жинаған ақшасын ұрлап кетті
фото: matritca.kz

Таразда күйеу баласы енесінің қажылыққа баруға жинаған ақшасын ұрлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараз қаласының полиция бөліміне 66 жастағы әйел хабарласып,  сағат 00:20-да белгісіз ер адам үйіне баса-көктеп кіріп, қорқытып, 2450 АҚШ долларын, 100 000 теңгесін, 2 алтын сақинасы мен ұялы телефонын ұрлап кеткеніне шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол қажылыққа бару үшін ақша жинаған.

"Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 47 және 51 жастағы тұрғындары, сондай-ақ, күдіктілердің бірі-жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты", деп көрсетті Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Ұсталған күдіктілер өз кінәларын толық мойындады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары