Елорда мешіттері қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алады

Azattyq Rýhy

Қадір түніне орай автобустардың уақыты түнгі 01:30-ға дейін ұзартылады

Елорда мешіттері қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алады
фото: www.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-ден басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағат үшін 22:00-де кіріспе түрінде уағыз айтылады. Құптан намазы сағат 22:35-те басталса, Тарауих намазы 22:50-де басталады. Ал Хатым Құран дұғасы 00:30-да оқылады. Ары қарай сағат 01:00-ден бастап жамағаттың еркін құлшылық жасауына мүмкіндік беріледі.

Елордадағы мешіттердің бәрінде Қадір түніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кестесі осы уақытта өтеді.

Айта кетейік, Қадір түніне орай Нұр-Сұлтанда арнайы жүретін автобустардың уақыты түнгі 01:30-ға дейін ұзартылады. Автобустардың бағдарлары төмендегідей:

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Спутник» супермаркеті;

- ТЖ вокзалы;

- «Көктал-1,2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- ТЖ вокзалы;

- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- «Кирпичный» ТА.

«Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Ильинка» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Рахмет» СО.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.