ШұғылCOVID-19: өткен тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталды

Бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі Қытай аумағында өтпейтін болды

3-14 ақпан аралығында Қытайдың Ухань қаласында бокстан Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі өтуі тиіс болатын

Фото: vesti.kz

Аталған турнирде ерлер мен әйелдерді қоса есептегенде Токио Олимпиадасының 63 лицензиясы сарапқа салынады деп күтілген. Алайда Халықаралық Олимпиада комитетінің бокс бойынша жұмыс тобы мен Қытайдың Олимпиадалық комитеті Уханьдағы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты турнирдің өтетін уақыты өзгерді. 

ХОК-тың бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирдің өтетін уақыты өзгергенін хабарлады. Сондай-ақ бұл турнир Қытай аумағында өтпейді. 

«Іріктеу турнирінің өткізілу мерзімі – 3-11 наурыз. Қазір жарысты өткізетін орын қарастырылуда. Бір анығы, турнир Қытайда ұйымдастырылмайды. Жұмыс тобы турнирді қабылдайтын мемлекет пен қаланы анықтағаннан кейін барлық Ұлттық федерацияларға хабар таратылады», - делінген ХОК-тың ресми хатында.

Соңғы мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 630 адамға жеткен.