27.04.2022, 03:16
Жаңалықтар
Павлодарда көші-қон басқармасы басшысының орынбасарына үкім шықты
Көші-қон полициясы бөлімі басшысының 38 жастағы орынбасары Өзбекстан азаматынан жарты жыл бойы ақша алып келген
фото: syr-media.kz
Лауазымды тұлға көрші ел азаматының Қазақстанда болу мерзімін ұзарту үшін ақша сұрап отырған. Бұған дейін ол кінәсін толық мойындаған еді, соңғы сөзінде тек айыппұл салуды сұрады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ирбис арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда сот үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және полиция капитаны лауазымынан айырылды.
Сотталушы бірден қамауға алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы