$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дәулет Мұқаев пен Мақсат Толықбай AMANAT-тың саяси кеңес құрамына енді

Съез делегаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді

Дәулет Мұқаев пен Мақсат Толықбай AMANAT-тың саяси кеңес құрамына енді
Фото: inbusiness.kz

AMANAT партиясының кезектен тыс өткен XXIII съезінде партияның саяси кеңес құрамына үш адам қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

AMANAT-тың саяси кеңесіне өзгеріс енгізу съездің күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болатын.

«Партияның жоғары өкілдік органының саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынамын. Партия жарғысының №9.1 пункті бойынша, саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздердің қарауларыңызға AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады», - деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Съез делегаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#съезд #Аманат