$ 515.03  584.82  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда ер адам кәсіпорынға тиесілі 24 млн теңгені жұмсап жіберген

Күдіктінің ойынқұмар екені анықталды

Павлодарда ер адам кәсіпорынға тиесілі 24 млн теңгені жұмсап жіберген
Фото: stan.kz

Павлодарда 26 жастағы ер адам ЖШС-ның 24 млн теңгесін жымқырып, жұмсап жіберген. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Кезекті оқиға Павлодар қаласында болды. Полицияға ЖШС-нің бірінің директоры тауарларды ысырап ету фактісі бойынша жүгінді. Полиция қызметкерлері осы компанияның 26 жастағы сауда агенті 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін сеніп тапсырылған темекі өнімдерін ысырап еткенін анықтады. Қызметкер дүкендерден өтініштер жинап, тауарлар жеткізген. Ал дүкендерден жиналған ақшаны ішінара бухгалтерияға тапсырды. Бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Осылайша, төрт айда ол 24 000 000 теңге алды. Жас жігіттің игроман екені, фирманың барлық ақшасын жұмсап жібергені анықталды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция кәсіпорындар мен фирмаларда уақытылы түгендеу мен аудит жүргізуді ұсынады.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицияда бөтен мүлікті талан-таражға салудың 31 фактісі тіркелді.

Көп жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрін бухгалтерлер, кассирлер, қойма меңгерушілері, дүкен сатушылары, экспедиторлар, сарапшы бағалаушылар жасайды. Басшылық ұзақ уақыт бойы қызмет түріне қарай тауарлар, құндылықтар берілетін немесе алатын қызметкерлердің әдептілігіне үміттеніп, аудит жүргізбейді. Мұндай сенім кейіннен қайғылы нәтижелерге әкеледі.

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Серіктес жаңалықтары