Неміс басылымында Димаш туралы мақала шықты

Azattyq Rýhy

Басылымның редакторлары қазақстандық әртістің Германияға келуі олар үшін өте маңызды оқиға болғанын атап өткен

Неміс басылымында Димаш туралы мақала шықты
фото: dimashnews.com

«Германиядағы жеке концерт: Димаш Құдайберген Дюссельдорфтағы концертімен әлемнің түкпір – түкпірінен келген тыңдармандарды қуантты» деген тақырыппен DAZ неміс басылымында мақала шықты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Dimashnews.сom сайты жарияланымда автор орындаушының жеке концерті, оның вокалдық деректері және шығармашылық жолы туралы әңгімелейді деп көрсетті.

DAZ апталық республикалық газеті алғаш рет 1966 жылы 1 қаңтарда жарық көрді. Басылым негізінен саяси, экономикалық, сондай-ақ мәдени салалардағы неміс-қазақ қарым-қатынасын көрсетеді.

Бүгінгі таңда газеттің таралымы 1000-нан астам дананы құрайды және неміс және орыс тілдерінде шығарылады.

2022 жылдың 13 сәуірінде DAZ-да Димаштың Дюссельдорфта өткен жеке концертіне арналған материал жарияланды.

Басылымда автор Кристоф Страух концерт, әншінің шығармашылық жолы және оның вокалдық қабілеттері туралы айтады.

Басылымның редакторлары қазақстандық әртістің Германияға келуі олар үшін өте маңызды оқиға болғанын атап өтті. Сонымен қатар, биыл елдер мерейтойлық датаны – дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.

«Біздің газет бір уақытта неміс және орыс тілдерінде шығарылады. Сондықтан Димаштың өз концерттерінде көптеген тілдерде ән шырқайтынына біз ерекше таң қалдық», – деп бөлісті DAZ редакциясы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.