$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Америкалық компания еліміздің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға дайын

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев "Champion Foods" вице-президенті Джонатан Бурингпен кездесті

Америкалық компания еліміздің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға дайын
фото: osken-onir.kz

Тараптар Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту перспективалары, инвестициялау және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Champion Foods компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы келісілді.

Компания Қазақстаннан мұздатылған картоп пен басқа да көкөніс өнімдерінің экспортын ұйымдастыруға, сондай-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу зауыттарын салу жөніндегі жобаларға қаражат инвестициялауға мүдделі. Инвестициялардың жалпы көлемі 100 000 000 АҚШ долларын құрайды.

Champion Foods АҚШ-тағы ең ірі азық-түлік трейдері болып табылады. Сонымен қатар компания азық-түлік өндірумен айналысады. 25 жылдан астам уақыт бойы тамақтану, бөлшек сауда, өнеркәсіптік кәсіпорындар, наубайханалар, тамақтану компаниялары, кеме және круиздік компаниялар үшін бірінші жеткізуші болып табылады. Кәсіпорын қант, мұздатылған көкөністер, күріш, бұршақ, жүгері, нан таяқшалары, пицца және басқа да өнімдерді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары