Атбасар тұрғынының үйінен криптовалюта өндіруге арналған жабдық табылды
Ол 3 ай бойы үйде криптовалюта өндірумен айналысқан
Атбасар тұрғынының үйінен криптовалютаны өндіруге арналған жабдық табылды, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.
«24 сәуірде Атбасар АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында аудан орталығының жеке үйлерінің бірінен криптовалютаны өндіруге арналған жабдықтар: мамандандырылған “айтмайнер” жабдығының жарамды 2 данасын, сондай-ақ айтмайнерлерге арналған жабдықтың 9 бірлігін, басқа да қосалқы техниканы тауып алды. Жабдықтың иесі Атбасар ауданының 29 жастағы тұрғыны – бағдарламашы»,- деп көрсетті полицейлер.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, іс материалдары әкімшілік хаттама жасау үшін мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.