$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде алдағы күндері +30 градус ыстық болады

Оңтүстіктен келген антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды

Елімізде алдағы күндері +30 градус ыстық болады
Фото: pixabay.com

Қазақстанда алдағы күндері антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа райы қатты ыси бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25-ке дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23-ке дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30 градусқа дейін жылы, батыста 20-28 жылу, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады. 

"Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл мен жел күшейеді.

 

 
Серіктес жаңалықтары