$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайда COVID-19 індеті күшейіп тұр: бір тәулікте 22 мың адамнан вирус анықталды

Бұл – локдаун басталғаннан бергі ең көп тәуліктік көрсеткіш

Қытайда COVID-19 індеті күшейіп тұр: бір тәулікте 22 мың адамнан вирус анықталды
Фото: AFP 2022/Stringer

Қытай билігі Шанхайда бір күнде 22 мың адамнан коронавирус инфекциясын тіркеді, бұл қалада локдаун басталғаннан бергі ең көп тәуліктік көрсеткіші болып отыр, деп хабарлайды NewsAsia арнасы хабарлады.

Шамамен 25 миллион халқы бар қалада науқастар арасындағы өлімнің жалпы саны 87-ні құрайды. Телеарна соңғы аптада билік күн сайын COVID-19 инфекциясының мыңдаған жаңа жағдайын хабарласа да Шанхайдағы өлім туралы алғашқы мәлімет тек 18 сәуірде жарияланғанын айтады.

Өткен тәулікте Қытайда шамамен 22 мың адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Оның ішінде 21 мыңнан астамы Шанхайда тіркелді.

Шанхай қаласына карантин 28 наурызда енгізіліп, көптеген кәсіпорындар, базарлар мен дүкендер жұмысын тоқтатты. Ковидті анықтау бойынша қалада күн сайын тестілеу жүргізіледі, талдаудың оң нәтижесі бар адамдар оқшаулау орталықтарына жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары