Бүгін астанада жүзге жуық жол апаты тіркелді

Жол апатының көбеюіне қарлы боран әсер етті

Бүгін астанада жүзге жуық жол апаты тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Нұр-Сұлтанда ауа-райының қолайсыздығынан 100-ге жуық жол апаты тіркелді. Қаладан ұшатын әуе рейістері тоқтатылды. Барлық бағыттардағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазгидромет қарлы боран ертең де жалғасатынын айтады. 

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының дерегінше, Қорғалжын тас жолынан басқа жолдардың барлығы жабық. Астаналық төтеншеліктер 19 адамды қар құрсауынан шығарып алған. 

«Қазір тек қана Қорғалжың тас жолы ашық тұр. Қалған тас жолдар жабық. Жолға шығудан бас тарту керек», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бір күнде 100-ге жуық жол апаты тіркелген. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Бұдан бөлек, таңертеңнен бері қаладан ұшатын 38 әуе рейісінің 35-і мүлдем жолға шықпаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.