СҚО-да жол апатынан 17 жастағы бойжеткен қаза болды

Azattyq Rýhy

Тағы 5 адам жарақат алған

СҚО-да жол апатынан 17 жастағы бойжеткен қаза болды
фото: vladtime.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар тасымалымен айналысатын шағын автобус жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Салдарынан 17 жастағы бойжеткен қаза болды, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy СҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

«23 сәуір күні сағат 14.00 кезінде «Челябі-Новосібір» автожолының 557-шақырымында «ГАЗ-А65R52» маркалы көлік жол апатына ұшырады. Салдарынан 2005 жылы туған бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. 5 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді», деп көрсетті полиция департаменті.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.