23.04.2022, 09:14
Жаңалықтар
12 маусымнан бастап Милан – Алматы – Милан бағытындағы тікелей әуе рейсі ашылады
Аталған екі қаланың арасында аптасына екі күн ұшақ қатынайтын болады
фото: kk.unansea.com
Алматы және Милан қалалары арасында халықаралық әуе рейстерін ашу туралы келісім жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Италия авициялық билігінің арасындағы қолданыстағы өзара уағдаластық келісім аясында аталған елдер арасында тұрақты әуе рейстерін орындау үшін құқықтық база құрылды», деп көрсетті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері ағымдағы жылдың 12 маусымынан басталады. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды