Елордада көлігін жол бойына қалдырған жүргізушілер айыппұл төлейді
Аялдамаларға тоқтайтын көлік иелеріне де айыппұл жазылады
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласында көлігін жол бойында қалдырып кететін жүргізушілерге айыппұл салу басталады. Айыппұл салу қала көшелерін аралап жүретін 2 көліктің ішіне орнатылған арнаулы аппарат арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгіннен бастап елорда аумағында сертификаты бар «Дозор М» автоматтандырылған аппарат жүйесі енгізіледі. Бұл аппараттың көмегімен жол бойында екінші қатарда тұрған көліктерге жол белгілерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы ұйғарым рәсімделеді Мәселен, кейбір жүргізушілер Түркістан көшесі бойы жолында екінші қатарға көліктерін қояды. Немесе көлік қоюға болмайтын белгі тұрғанына қарамастан жүргізушілер көліктерін қалдырып кетеді. Осылайша басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді. Аялдамаларға тоқтайтын көлік иелеріне де айыппұл жазылады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоғжұманов.