Қазақстандықтар ЭЦҚ-ны ұялы телефон камерасы арқылы ала алады

Azattyq Rýhy

Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны мобильді құрылғы арқылы қашықтан алуға болады

Қазақстандықтар ЭЦҚ-ны ұялы телефон камерасы арқылы ала алады
Фото: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі

Елімізде 23 сәуірден бастап eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейнетексерісі компьютердің камерасынсыз-ақ қолжетімді болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейнетексеру сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.

«ЭЦҚ шығару eGov.kz порталында өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн рет мемлекеттік қызметтерді алу үшін жасаған. Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.

Бейненұсқаулықты мына жерден көруге болпды.

Айта кету керек, QR–код арқылы бейне тексеруді өз мобильді телефоныңызда өту ұсынылады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.