Жаңа оқу жылында барлық мектептің дәретханасы ғимарат ішінде болады

Azattyq Rýhy

Аймағамбетов мектеп дәретханаларының жай-күйі туралы хабарлауға болатын «жедел желіні» іске қосатынын айтты

inform.kz

Республикада 7500 мектеп жұмыс істейді және даладағы дәретхана мәселесі 50 мектепте бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Екі жыл бұрын елдегі 2700 мектептің дәретханасы далада орналасқан еді. Жалпы мектептеріміздің саны 7500 екенін ескерсек, бұл өте үлкен пайыз. Екі жылда күрделі жұмыстар жүргізілді, қазіргі уақытта 50-ге жуық көше дәретханалары қалды. Бұл үлкен прогресс. Дегенмен, бұл өте қиын жұмыс, өйткені сол 2700 мектептің көпшілігінде кәріз де, сумен жабдықтау да болған жоқ. Әсіресе бұл орталықтандырылған кәрізі жоқ, суы жоқ ауылдық елді мекендер еді», - деді Асхат Аймағамбетов Сенат отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, келесі оқу жылы басталғанша әкімдіктер 50 мектептегі дәретхана мәселесін толық шешуге бекініп отыр.

«Жұмыс істеп тұрған санитарлық тораптарда да бұзушылықтардың екі түрі кездеседі: біріншісі – біз жүргізген тексерулер дәретханалар бар уақытта жұмыс істемейтінін көрсетеді. Сондықтан санитарлық қызметтер оларға қатты айыппұл салады. Екінші мәселе – қала мектептеріндегі санитарлық тораптардың жағдайы», - деп атап өтті министр.

А. Аймағамбетов мектеп дәретханаларының жай-күйі туралы хабарлауға болатын «жедел желіні» іске қосатынын айтты.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де үкіметтік емес ұйымдармен бірге сенім телефонын іске қосады, бұл Whatsapp және Telegram каналында болады, өйткені балаларға осылай ыңғайлы. Бұл көптеген адамдар ақпарат жібере алатындай краудсорсинг сияқты жасалады. Оған балалар, ата-аналар және мұғалімдер фотосуретті жібере алады. Тиісінше, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен біздің комитет осындай бұзушылықтар болған жағдайда бақылау жасайды», - деді Асхат Аймағамбетов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.