$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордадағы «Жанұя» орталығына жыл басынан бері 11 мыңға жуық адам жүгінді

Орталықта психологиялық көмекке жүгінген 127 тұрғынға көмек көрсетілді

Елордадағы «Жанұя» орталығына жыл басынан бері 11 мыңға жуық адам жүгінді
Фото: gov.kz

Елордалық «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы үш жыл бойы жұмыс істеп келеді. Орталық көпбалалы отбасыларға, мүгедек жандарға, толық емес және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға кешенді консультациялық қызметтер, соның ішінде психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетеді. Жыл басынан бері орталыққа 11 мыңға жуық адам жүгінген, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жанұя» орталығының мамандары жан-жақты қолдау көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді кешенді шешуді және өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасыға жеке көмектеседі. Осылайша, жыл басынан бері 48 отбасы тексеріліп, оның 41-і әлеуметтік қолдау көрсету қатарына қабылданды.

«Орталық базасында мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың, оның ішінде қалалық білім беру және қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары, қаланың халықты жұмыспен қамту орталығы, «Отбасы банк» АҚ сияқты ұйымдардың қызметі ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары мен мемлекеттік органдар арасындағы Бірыңғай диалог алаңында «бір терезе» қағидаты бойынша 17 қызмет біріктірілген. Атап айтқанда, қала тұрғындары «Отбасы банкте» тұрғын үй жағдайын жақсарту және депозит/жеңілдікті кредитті рәсімдеу бойынша кеңес ала алады, COVID-19 вакцинациясы туралы барлық ақпаратты біле алады, медициналық мекемелерге, білім беру ұйымдарына тіркеле алады, «Индиго» және жалпы оқыту бағдарламалары туралы ақпарат ала алады, АӘК және КӘК (кепілдендірілген әлеуметтік көмек) ресімдеу туралы, порталмен жұмыс істеу бойынша кеңес ала алады», - делінген әкімдік хабарламасында.

2022 жылдың басынан орталыққа 10 993 адам жүгінді, 11 646 мәселе қаралды, оның ішінде 5 867 шешілді, ал қалған 5 779 бойынша жүйелі қадамдық кеңес өткізілді.

Өтініштердің басым бөлігі АӘК тағайындау, ЭЦҚ беру, өтініштерді әлеуметтік қызметтер порталына тіркеу жөнінде.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, әлеуметтік шиеленісті жеңілдету және қала тұрғындарының мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігіне наразылығын азайту үшін орталық базасында апта сайын мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары, олардың орынбасарлары азаматтарды қабылдайды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде хабарлау жолымен, Call-center-ге жүгінген кезде тұрақты түрде елорда азаматтарының назарына жеткізіледі, сондай-ақ қабылдау кестесі ғимаратта ақпараттық стендте және тарату материалында орналастырылған.

«Биыл орталықта психологиялық көмекке жүгінген 127 тұрғынға көмек көрсетілді. Заңгерлік кеңес алу үшін 221 адам талап арыздарды ресімдеуге, АӘК, қорғаншылықты ресімдеу (бала асырап алу және т.б.), тұрғын үйді сатып алу-сату, кредиттік берешектер, алимент өндіріп алу бойынша консультациялар беру және т.б. мәселелер бойынша жүгінді», - делінген хабарламада.

Биыл 17 наурызда «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының базасында «Отбасы – мемлекеттің негізі» пилоттық жобасының тұсаукесері өтті.

Бұл – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерімен бірлесіп, отбасындағы қиындықтар кезінде консультациялық қолдау көрсетуді іске асыруды көздейтін бірлескен жоба. Ол орталық базасында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап «Жанұя» орталығының ресми интернет-ресурсы http://zhanuya-ortalygy.kz/ жұмыс істейді. Онда «психологқа сұрақ», «әкімшіге хабар» айдарлары орналасқан және жұмыс істейді. Осы арқылы әрбір азамат өзі үшін маңызды сұрақтарын қоя алады немесе психологтың, мекеме әкімшісінің қабылдауына жазыла алады, осыдан кейін мамандарға жіберіледі.
Орталық Бейбітшілік көшесі, 14 мекенжайы бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары