$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда дауға айналған тұрғын үй кешені иелері Жоғарғы сотқа шағымданды

Мәселенің нүктесін кассациялық алқа қоюы тиіс

Оралда дауға айналған тұрғын үй кешені иелері Жоғарғы сотқа шағымданды
Фото ашық дереккөзден

Оралда үш жылдан бері дауға ұласқан тұрғын үй кешеніне қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 4 көппәтерлі баспана құрылысының екеуі аяқсыз қалған еді. Маңайдағы ет өңдеу кәсіпорнының өкілдері жер телімінің санитарлық аумаққа тиесілі екенін алға тартады. Ал құрылыс компаниясы құжаттардың заң шеңберінде дайындалғанын айтып ақталып отыр. Дауға қатысты үш рет сот болды. Алғашында өндіріс орнының шағымын негізсіз десе, кейін құрылысты заңсыз деп таныды. Компания мен тұрғындардың сот шешіміне қарсы арызы Жоғарғы сотта қаралды. Сары уайымға салынған жүздеген отбасының үміті қайта оянды. Мәселенің нүктесін кассациялық алқа қоюы тиіс.

 «Құрылыс жобасы заңды. Құжаттарды рәсімдеу кезінде жергілікті атқарушы органдардың рұқсат қағазы, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына қатысты қала әкімінің қаулысы болды. Облыстық соттың шешімін Жоғарғы сот қайта қарап, әділ шешім шығарады деп сенеміз. Кассациялық алқасының отырысы 21 сәуірде болады», - деді құрылыс компаниясының өкілі Виталий Кленин.

Серіктес жаңалықтары