$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында есірткі жеткізетін ірі арна жойылды

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Жамбыл облысында есірткі жеткізетін ірі арна жойылды
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында есірткі жеткізетін ірі арна жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізетін ірі арнаны анықтап, жолын кесті. 15 сәуірде полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 532 шақырымында Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының маңында Түркістан облысының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы BMW Х5 автокөлігін тоқтатты. Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды. Тексеру барысында оның көлігінің жүк салғышынан жалпы салмағы 200 келі кептірілген марихуана есірткі заты салынған 8 қап табылды. Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні өткен жылдың тамыз айында Шу ауданының аумағында дайындаған. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бапқа сәйкес оның мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
 

Серіктес жаңалықтары