$ 512.34  582.07  6.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде бюджеттік және заң шығару рәсімдерін автоматтандыру жұмыстары басталды

Бұл – сыбайлас демқорлық деректерін азайту үшін қолға алынған шара

Елімізде бюджеттік және заң шығару рәсімдерін автоматтандыру жұмыстары басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын іске асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттікте ішкі ұйымдық-штаттық құрылымды реинжинирингтеліп, цифрлық технологияларды қолдану кеңеюде, қағаз құжат айналымы алынып тасталды.

Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Антикор-орталықтардың азаматтар мен өтініштерді қабылдау жөніндегі қызметі қайта жүктелді. Құқықтық консультативтік көмек көрсетуге бағдарлана отырып, 1424 call-орталығының жұмысы қайта құрылды.

Операциялық қызметтегі бизнес-процестерді оңтайландыру, кадрларды іріктеу және орналастыру, сондай-ақ бюджеттік және заң шығару рәсімдерін автоматтандыру бойынша жұмыс басталды.

«Мемлекет басшысы өз жарлығымен барлық мемлекеттік органдарға жұмыста ескірген бюрократияланған тәсілдерден бас тартуға нақты нұсқау берді. Бюрократия аз болса – жемқорлық та аз болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жарлықты барлық мемлекеттік құрылымдардың орталықта және жергілікті жерлерде сөзсіз іске асыруына барынша ықпал ететін болады», - деп атап өтті О. Бектенов.

Серіктес жаңалықтары