Тоқаевтың туысы Қазақстанның Болгариядағы елшісі қызметінен кетеді
Теміртай Ізбастин Тоқаевтың қарындасы Қарлығаға үйленген
Президент туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтер атқаруына тыйым салу туралы заңнамаға енгізілгелі жатқан өзгерістерге байланысты Қазақстанның Болгариядағы елшісі ауысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Әділет министрі Қанат мусин Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Қазақстанның Болгариядағы елшісі, Қасым-Жомарт Тоқаевтың туысы саналатын Теміртай Ізбастин Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады.
«Жалпы, Конституцияда президенттің жақын туыстарының саяси қызмет атқаруына тыйым салынған. Тізім өте ауқымды, оған белгілі дәрежедегі дипломатиялық қызметкерлер де кіреді. Осындай тыйым салынған сәттен бастап, әлбетте, бәрі заңға сәйкестендіріледі. «Қызметінен алынып тасталды» деген сөз бізге кеңестік дәуірден енген термин болса керек. Ол қызметін босатады, өйткені заң бойынша ол қызметті атқара алмайды, - деді Қанат Мусин.