$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістігіне мониторинг жүргізу басталды

Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды

 

Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістігіне мониторинг жүргізу басталды
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды. Бұл туралы ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгінде еліміздің 1447 мектебінде, бұл барлық мектептердің 25%-ы, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталады, оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астамы қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды.

«Бұл білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі. Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған», - деп атап өтті Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, ББЖМ – білім сапасын сырттай тәуелсіз бағалайды, ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді.

«Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланатын болады. Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді», - деп жазды Ш. Каринова.

 

 

 
Серіктес жаңалықтары