$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайды – Ұлттық статистика бюросы

Ғылымның кадрлық әлеуетін нығайтып, ғылыми қызметкерлер саны 1,5 есеге артпақ

Елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайды – Ұлттық статистика бюросы
Фото: liter.kz

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ғылым саласында 22 665 ғалым мен зерттеуші жұмыс істейді, олардың 35%-ның ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар. Ғалымдар 396 ғылыми ұйымда жұмыс істейді, сол сияқты 1067 ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болды және болып қала береді. Осы жылдар ішінде жетекші ғылыми мектептер сақталды, ғылымды әкімшілендіру мен қаржыландырудың жаңа моделі қалыптасты, ғылыми-техникалық сараптама институттары, ұлттық ғылыми кеңестер дами бастады, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру басталды.

2020-2022 жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда сапалы өзгерістер болды.

Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен бекітілген «цифрландыру, ғылым және инновациялар мен ғылым есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының «ғылым» блогы мынадай төрт бағытты қамтиды:

  • Біріншісі – ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту және ғылыми қызметкерлер санын 1,5 есеге ұлғайту. Бұл міндетке ғалымдардың жалақысын ұлғайту, постдокторанттар үшін «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлу, жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамаға жіберу және басқа да шаралар арқылы қол жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
  • Екіншіден, ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық берілмек. Осы бағытта жабдықтарды жаңғырту және барлық мемлекеттік ҒЗИ қызметінің аудиті жүргізілуде, екі ұлттық университет зерттеу университеттеріне және т.б. өзгертілетін болады.
  • Үшіншісі, ҒЗЖ-ны жеке қаржыландыру үлесін ұлғайтуға, бизнес пен өндіріс тарапынан қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса қаржыландыруды кеңейтуге, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды мемлекеттік қолдауға бағытталған.
  • Төртінші бағыт аясында ғылымды әкімшілендіруді жетілдіру жоспарланып отыр.

Ұлттық жобаны іске асыру ғалымдар мен зерттеушілердің санын қазіргі 22 мыңнан 34 мың адамға дейін арттыруға, ҒЗИ жабдықтарын жаңартуды қамтамасыз етуге, индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарын 2500-ге дейін, сондай-ақ Ѕсімадо рейтингінде қазақстандық ҒЗИ мен ЖОО-лардың санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«2021 жылғы 15 қарашада Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу енгізілді, ғылымды қаржыландырудың жаңа түрі – іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру және ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыру ұзақтығы 5 жылға дейін ұлғайтылды. ҰҒК шешімдер аппеляциясы институты енгізілді; ғылыми тағылымдамадан өтудің нормативтік базасы көзделген. Нәтижесінде 1200-ден астам жетекші ғалымды, сондай-ақ іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-дың 1600-ден астам ғалымдарын тұрақты және лайықты жалақымен қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру, ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің барынша объективтілігін қамтамасыз ету көзделген. 2021 жылдан бастап БҒМ 2 мың АЕК (6 млн теңге) көлемінде сыйақымен «үздік ғылыми қызметкер» атағы 50 адамға беріледі.

Тұтастай алғанда, ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру 2020-2021 жылдары екі есе дерлік өсті. Осының арқасында егер бұрын конкурстар үш жылда бір рет қана өткізілетін болса, онда 2020-2021 жылдары гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға 7 конкурс өткізілді.

Олардың нәтижесінде Білім және ғылым министрлігі 2021 жылы республикалық бюджеттен 10 басым бағыт бойынша қазақстандық ғалымдардың 1160 жобасын және 59 ғылыми-техникалық бағдарламасын қаржыландырды», - делінген ведомство хабарламасында

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму міндеттеріне, әлемдік трендтерге және сапалы ғылымометрияға сәйкес ғылыми бағыттарды басымдылыққа алу тәсілдері өзгерді.

Мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету, ғылыми мектептер мен ғылыми ұйымдардың орнықты дамуы; қаржыландырудың конкурстық және конкурстан тыс әдістерін ұштастыру; конкурстық рәсімдердің барлық кезеңінде қаржыландыруды бөлудің толық ашықтығы қағидаттарына негізделген ғылымды қаржыландыруға жаңа тәсілдер енгізілді. Гранттық қаржыландырудың мақсаты – ғалымдардың идеяларын қолдау, іздеу зерттеулерін ынталандыру, ғылыми әлеуетті арттыру.

Осыған байланысты 2020 жылы алғаш рет гранттардың жаңа түрлері енгізілді: коллаборацияға, қысқа мерзімді, жеке және басқаларға, бұл көптеген перспективалы ғылыми идеяларға мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Шағын (5 млн теңгеге дейін) және жеке (бюджеті 5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейінгі бір ғалым үшін) жобаға жіберілді, оның нәтижесі рецензияланатын басылымда бір мақала болуы тиіс. Зерттеу жүргізіп, осы мақаланы жариялағаннан кейін ғалым зерттеу тобының ғылыми басшылығына үміткер бола алады және келесі жылы үлкен қаржыландыру көлемімен грант ала алады.

Көлемі 80 млн теңгеге (2020-2022), 54 млн теңгеге (2021-2023) дейінгі жас ғалымдарға арналған гранттар жас зерттеушілердің жаңа дағдылар мен құзыреттер алуына, топ құрамында басшылық ету және жұмыс істеу тәжірибесіне, олардың жарияланымдық белсенділігін арттыруға және тұтастай алғанда шығармашылық әлеуетін өсіруге бағытталған.

Халықаралық коллаборацияға гранттар (70 млн теңгеге дейінгі сомаға) шетелдік ғалымдармен және ғылыми ұжымдармен бірлесіп ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары