$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көлік айдауды үйрететін мектептерге қойылатын талап күшейтілуі мүмкін

Қазір автомектептердің қызметін бақылау кәсіптік бірлестіктерге жүктелген

Көлік айдауды үйрететін мектептерге қойылатын талап күшейтілуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Көлік айдауды үйрететін мектептерге қойылатын талап күшейтілуі мүмкін. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «2018 жылы жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымдары қызметін бақылау функцияларын ҚР Ішкі істер министрлігінің құзыретінен алып тастаған сәттен бастап көрсетілген міндеттерді «Жол жүру туралы» заңның 80-бабы бойынша әрбір өңірдегі кәсіптік бірлестіктер орындайды («Қазақстан жүргізушілері одағы», «Көлік және жол қызметкерлерінің кәсіподағы» және басқалар)», - деп жазады Ә.Смайылов өз жауабында.

 Оның айтуынша, аталған бірлестіктер жұмыс тәжірибесін таратуға және көлік жүргізушілерін даярлау стандарты бойынша ұсыныстар беруге, оқу ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың рейтингін өткізуге, оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға, тиісті сертификат беруге және басқа шараларға құқылы.

 «Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, көлік жүргізу мектептерінің қызметін лицензиялауды енгізу Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында айтылған әкімшілік кедергілерді қысқарту және бизнес құру рәсімін оңайлату жөніндегі басымдықтарға сәйкес келмейді. Өз кезегінде ҚР Ішкі істер министрлігі бизнесті бақылауды қатаңдатуға салынған мораторий аяқталғаннан кейін көлік жүргізу мектептерінің қызметін хабарламалықтан рұқсат беру тәртібіне ауыстыру мәселесін қарастыруға болады деп отыр», – деп түйіндеді Премьер-Министр.

 

Серіктес жаңалықтары