$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында 1261 келі балықты заңсыз аулаған ер адам ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды

Қызылорда облысында 1261 келі балықты заңсыз аулаған ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында Балық инспекциясының қызметкерлері жүргізген рейд барысында көлігінен 1 261 келі балық шыққан жүргізуші ұсталды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 2,3 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда облысындағы тас жолда балық инспекциясы қызметкерлері Газельді тоқтатты.

Көлік рөліндегі Шөмішкөл ауылының тұрғыны 1261 келі балықты ешқандай рұқсат етуші құжатсыз әкетіп бара жатқан. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,3 млн теңгеден асады.

Ер адам ұсталды, сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

«Инспекторлар жергілікті атқарушы органдармен және полициямен бірлесіп заңсыз балық аулау әрекеттерінің жолын кесу бойынша рейд жүргізді», - деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары