$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО білім басқармасы 26 жастағы мұғалімнің өз-өзіне қол салғанын жоққа шығарды

Полиция департаменті де педагогтар арасында суицид фактілерін тіркемеген

СҚО білім басқармасы 26 жастағы мұғалімнің өз-өзіне қол салғанын жоққа шығарды
Фото ашық дереккөзден

WhatsApp-та Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында 26 жастағы мұғалім аттестаттаудан өте алмағандықтан өзіне-өзі қол жұмсады деген қауесет тарады. Облыстық білім басқармасы  бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомстволық тексеру нәтижелері таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын көрсеткені айтылады.

«Полиция департаменті де педагогтар арасында суицид фактілерін тіркемеген. Аттестаттауға келетін болсақ, ол 5 жылда 1 рет өтеді. Одан өтпеген мұғалім жұмысынан айырылмайды. Аттестаттау педагогтың біліктілігін айқындау және қосымша ақы төлеу құралы болып табылады», - деп хабарлады СҚО білім басқармасындағылар.

Басқарманың мәліметінше, 2018 жылға дейін қосымша ақылар 5-17 мың аралығында болды. Қазір жалақының 30-50% құрайды. Мысалы, егер жалақы 300 мың теңге болса, қосымша ақы 150 мыңға жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

 

Серіктес жаңалықтары