$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да пандемия кезінде балаларға сатып алынған планшеттердің үштен бірі жұмыс істемейді

Сонымен қатар, білім басқармасының шенеуніктері 895 мың теңгеге алынған Wi-Fi адаптерін таратпай, қоймаға тығып қойған

БҚО-да пандемия кезінде балаларға сатып алынған планшеттердің үштен бірі жұмыс істемейді
фото: www.uralskweek.kz

 

БҚО тексеру комиссиясы облыстық білім басқармасының қызметіне коронавирустық пандемия кезеңінде мектептерге жабдықтар сатып алуға бөлінген қаржының жұмсалуына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бірталай былықтың беті ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Орал апталығына сілтеме жасап.

БҚО тексеру комиссиясының сайтында аудиторлық есеп қорытындысы жарияланған.  Онда 2020 жылы оқшаулау кезінде пандемияға байланысты ҚР Үкіметі резервтен мектеп оқушыларын онлайн-оқытумен қамтамасыз етуге 2,3 млрд.теңге бөлінгені айтылған.

«Басқарма 1558 компьютер, 2018 планшет және 11 394 ноутбук сатып алды. Жабдықтар мектептерге таратылды. Аудит барысында 12 аудан мен облыс орталығында 2018 планшеттің 711-і (35%) жұмыс істемейтіні анықталды. Басқарма жабдықты жөндеу және ақауларды жою бойынша шаралар қабылдаған жоқ», – делінген аудиторлардың есебінде.

Сонымен қатар, білім басқармасының шенеуніктері жалпы сомасы 895 мың теңгеге алынған 358 Wi-Fi адаптерін таратпаған. Олардың барлығы білім бөлімінің қоймаларында жатты, ал мектептер интернетке қосылу мәселесін өздері шешті.

«Кейбір қалалық мектептерде әкімшілік қосымша ноутбуктер мен планшеттерді алды. Мысалы, №6, 17 және 19. Сонымен қатар, алынған техниканың көп бөлігі оқушыларға таратылмады, өйткені мектептерде өз жабдықтары жеткілікті болды. Осылайша, бюджет қаражаты білім беру мекемелеріне қажет емес техникаға бөлінді».

Аудиторлар есебінде мемлекеттік сатып алулар бойынша интернет төлеміне бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер бөлінетіні ескерілмегені айтылған. Нәтижесінде бұл мақсатқа 47 млн теңге жұмсалды, бұл қажеттіліктен 2 есе көп.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қаржы