Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай отшашу болмайды
Бұл күні елордада 40-тан астам іс-шара өтеді

Қалалық мәдениет басқармасы биыл елордада отшашу жоспарланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, мамыр айындағы мерекелерде Астанада 40-тан астам іс-шара жоспарланған, оның ішінде 9 мамырда өтетін ірі іс-шаралар:
- "Даңқ гирляндаларын" қою рәсімі;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою;
- Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін "Майдан хаттары" концерт-спектаклі;
- "Жастар" сарайының концерт залында өтетін "Соғыс жолдарымен" концерті;
- Жеңіс күніне арналған цирк бағдарламасы.
Сонымен қатар, 9- мамырда жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ЖОО студенттері арасында жыл сайынғы дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 10:00-де Әлия Молдағұлова ескерткішінің жанында басталып, Жеңіс көшесінде аяқталады.
Аталған іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер талаптарының сақталуын ескере отырып, офлайн-форматта өтеді.
"Жаужүрек полк" акциясы әлеуметтік желідегі "Жаужүрек полкі" бірыңғай ақпараттық платформасында онлайн режимінде өтеді.