$ 499.76  521.7  5.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2020, 00:26
Жаңалықтар

ШҚО орман шаруашылығы инспекциясының басшысы браконьерлерден пара алды деген күдікке ілінді

Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр

ШҚО орман шаруашылығы инспекциясының басшысы браконьерлерден пара алды деген күдікке ілінді
Фото: видеокадр

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірнеше қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология минситрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады. Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірнеше қызметкері  браконьерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. 

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары