13.04.2022, 17:18
Жаңалықтар
Павлодарда көлік жүргізушісі КамАЗ-бен соқтығысып көз жұмды
Қазір оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр
Фото: Polisia.kz
Павлодар облысында КамАЗ-бен соқтығысқан көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
11 сәуір сағат 23.25-те Павлодар-Қызылорда автожолының 113 шақырымда 2-сорғы станциясы жанында ВАЗ-21103 автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі бір бағытта келе жатқан КамАЗ-ға соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ-21103 көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», – делінген Павлодар облысы Полиция департаменті хабарламасында.
Полиция атап өткендей, бұл факті бойынша тексеріс өткізуде. Сараптама жасау жоспарланды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды