13.04.2022, 11:46
Жаңалықтар
Бозжыра шатқалындағы атышулы қонақүй кешені салынбайтын болды
Атышулы жобаның әзірге нақты не үшін тоқтатылғаны белгісіз
Фото©Shutterstock
Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салынбайтын болды. Атышулы жобаның әзірге нақты не үшін тоқтатылғаны белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Atameken Business арнасына сілтеме жасап.
Кейбір ақпарат көзі бұған инвестордың құрылыстан бас тартқаны себеп екенін жазуда.
Ал өңір әкімдігі мұндай шешім Президенттің жобаны іске асыру орнын қайта қарау бойынша берілген тапсырмасы түрткі болғанын айтады.
«Осыдан кейін мамандар түрлі ұсынысты ескеріп, жобаны Бозжыра шатқалынан төрт шақырым қашықтықта салу жөнінде шешім қабылдаған», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы