$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Білім басқармасы Сағынтаев ашқан мектептің неліктен жұмыс істемей тұрғанын түсіндірді

Алатау ауданындағы 1500 балаға арналған мектеп қаңырап тұр

Білім басқармасы Сағынтаев ашқан мектептің неліктен жұмыс істемей тұрғанын түсіндірді
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Томирис ықшамауданында өткен жылдың 21 желтоқсаны күні бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ашылған №205 орта мектептің құрылыс жұмыстарында кемшіліктер анықталған. Бұл туралы Алматы қаласы қалалық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Тапсырыс беруші болып Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы болып табылады. Мектепті қабылдау кезінде бірқатар кемшілік анықталған болатын. Қазіргі таңда Жайлы қалалық орта басқармасы қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Қабылдау-актісі аяқталған мерзімде 2022-2023 оқу жылына оқушылар қабылданатынын хабарлаймыз», - делінген баспасөз қызметінің жауабында.

Оқи отырыңыз: Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың өзі ашқан үлкен мектеп сол күйі жұмыс істемей тұр

Айта кетсек, осыдан екі апта бұрын Алатау ауданындағы үлкен мектептің жұмыс істемей тұрғаны туралы жазған болатынбыз. Мектеп құрылысын BI Group құрылыс компаниясы жүргізген. Ашылу барысында оқу орындары өзінің алғашқы оқушыларын келесі тоқсаннан бастап қабылдайтыны айтылған болатын. Бірақ одан бері үш ай өтсе де жаңа үлгіде салынған №205 мектеп сол күйі тұр.

Серіктес жаңалықтары