Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% дейін жеделдеді

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің басшысы мәлімдеді

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% дейін жеделдеді
ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы өз сөзінде осы жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ға дейін жеделдегенін атап өтті. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімінің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторында тұрақты динамика байқалуда.

«Нақты сектордағы өсім – 5,9% құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,8%-ке дейін ұлғайды», - деді министр.

Оның айтуынша, салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.