Қырыққабат, қант, картоп, қызанақ сынды өнімдер бағасының өскені айрықша байқалады
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуін инфляцияның рекордтық деңгейімен байланыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазақстандағы инфляция 2022 жылдың наурыз айында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап шарықтау шегіне жетіп, бір айда 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өсті. Азық-түлік өнімдері инфляцияға ең көп үлес қосты. Бағаның өсуі 10 пайыздан 15,4 пайызға дейін жетті. Бір айда инфляция 5,8 пайызға өсіп кетті», - деді Ұлттық банк басшысы Үкімет отырысында.
Пірматовтың айтуынша, жыл сайын бағаның айтарлықтай өсуі қырыққабат, қант, картоп, қызанақ сынды өнімдерде байқалады. Бұған қоса, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың (киім, химиялық тұрмыстық заттар) бағасы айырбас бағамының төмендеуіне байланысты қысымға ұшырап 8,6 пайыздан 10,9 пайызға дейін өскен.