$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қандай министрліктер бөлінген қаржыны игермей отыр

20 млрд теңге игерілмеген, оның 5 млрд теңгесі үнемдеу мақсатында жұмсалмаған

 

Қандай министрліктер бөлінген қаржыны игермей отыр
Фото: kapital.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев игерілмеген қаржының ең көп көлемі Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«20 млрд теңге игерілмеген, оның 5 млрд теңгесі үнемдеу мақсатында жұмсалмаған. Сонда 15 млрд теңге игерілмеді. Көп қаржы Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер және Экология министрліктерінде игерілмей қалған», - деді ол.

Министрдің айтуынша, қаражат игерілмеуінің негізгі себептері – келісімшарттарды жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлемге шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, бюджеттік қаражатты уақытылы ұсынбау, орындалған жұмыстар, шот-фактуралар, өтпеген мемлекеттік сатып алу конкурстары, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

Серіктес жаңалықтары