Роналду аутизммен ауыратын жанкүйерінің телефонын шағып тастады
Қазіргі таңда оқиғаның толық видеосы жарияланды
Әйгілі футболшы Криштиану Роналду аутизммен ауыратын 14 жастағы көреременнің телефонын шағып тастағаны туралы видео тарады, деп жазады Vesti.kz.
«Эвертоннан» ұтылғаннан кейін Криштиану Роналду жанкүйердің телефонын шағып тастағанына қатысты дау әлі басылар емес. Қазіргі таңда оқиғаның толық видеосы жарияланған.
«Ол португалиялықтың аяғын ғана түсірмек болған сияқты», - деп жазады басылым.
Жасөспірімнің анасы ұлының аутизм және диспраксия сырқаты барын айтып сұхбат беріпті. Оның айтуынша, ұлының қолы көгеріп қалған.
«Қатты жыладым. Джейкоб үйге келгенде ғана бәрін сезінді. Енді оны футболға қайта апару қиынға соғады. Бұл оның өміріндегі бірінші матч еді», - дейді жасөспірімнің анасы.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр екен. Ал Роналду кешірім сұрап, жанкүйерді «Манчестер Юнайтедтің» матчына шақырды.