09.04.2022, 12:49
Жаңалықтар
Ғарышқа алғашқы туристік рейс жіберілді
Туристер Жерге 19 сәуірде оралуға тиіс
фото ашық дереккөзден
SpaceX Халықаралық Ғарыш агенттігіне адамзат тарихында алғаш рет туристік рейс жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Crew Dragon кемесіне орнатылған Falcon 9 зымыраны Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі космодромнан ұшырылған. Экипаж құрамында бұрын НАСА-да істеген астронавт Майкл Лопес-Алегриа және америкалық кәсіпкер, канадалық инвестор мен израильдік бизнесмен бар.
Ғарышқа барып-қайту және халықаралық станцияда болатын 8 күн үшін аталған 3 жолаушы 55 миллион доллардан төледі. Туристер Жерге 19 сәуірде оралуға тиіс.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады