14 жылдан бері туыстары іздеп жүрген өзбекстандық азаматша Нұр-Сұлтаннан табылды
Енді әйел бір ай ішінде Қазақстаннан еш кедергісіз шығып, отанына орала алады

Елорда аумағында полиия қызметкерлері рейд шараларын жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 39 жастағы азаматшасын тапты. Көрші республикада тұратын туысқандары оны 2008 жылдан бері іздеп жүрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйелдің айтуынша, ол Алматы қаласына ақша табуға келген. Содан кейін ұзақ уақыт бойы Шымкент пен Қызылордада жұмыс істеген. Айтуынша, құжаттарын жоғалтып алып, туыстарымен байланысқа шыға алмаған. Осы жылдар аралығында әйел әртүрлі жұмыс істеген. Үй қызметшісі, кеңселер мен дәмханаларда тазалықшы болған. 2021 жылғы шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерлерде тұрған. Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің қызметкерлері Өзбекстан азаматшасына уақытша құжат жасап берді. Енді әйел бір ай ішінде Қазақстаннан еш кедергісіз шығып, отанына орала алады.