$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңаөзендегі теміржолда локомотив жеңіл көлікпен соқтығысып қалды

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жаңаөзендегі теміржолда локомотив жеңіл көлікпен соқтығысып қалды
Фото ашық дереккөзден

Жаңаөзендегі теміржолда локомотив жеңіл көлікпен соқтығысып қалды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 8 сәуір күні таңертең болған.

«Жаңа жол» ЖШС жеке кәсіпкерлігі аумағында орналасқан теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. «Балдырған Орг» ЖШС меншігіндегі TEM2 жеке локомотиві жолаушылар вагонымен соқтығысты», - делінген ресми хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жол жүру ережесіне сай қозғалысқа қатысушы темір жолды кесіп өту кезінде ерекше сақ болу керек екенін еске салады. Көлiк құралының жүргiзушiсi белгiленген жол белгiлерiн, жарық және дыбыс белгiлерiн, шлагбаумның орнын сақтауы қажет. Жол ережесін сақтай отырып, теміржолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға болады.

 

Серіктес жаңалықтары