ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте тағы 225 адам індет жұқтырған

Давос-2020: Трамп экобелсенділерге қарсы шықты, Тунберг балалардың болашағына алаңдайтынын айтты

Биыл Давос форумы климаттық проблемаларға арналды

Фото: bbc.com

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның алғашқы күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен экобелсенді Грета Тунбергтің пікірі екі жақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Биылғы Давос форумы климаттық проблемаларға арналып отыр. 

Трамп өз сөзінде АҚШ-тың экономикалық гүлденуі туралы айтып, Жер шарында бір триллион ағаш отырғызу бастамасына қосылатынын жеткізді. Ал 17 жастағы экобелсенді Грета Тунберг климаттың өзгеруін ағаш отырғызу арқылы тоқтату мүмкін емес екенін айтты. Өз кезегінде экобелсенділерді меңзеген Трамп «ақырзаман төндірушілерге» мән бермей, оптимистік көзқарасты ұстануға шақырды. Ал Грета билікті болашақ ұрпақ туралы ойлауға үндеді.

«Сіздер балаларыңыздың алдында қалай ақталасыздар? Климаттың өзгеруімен күресу экономикаға кері әсер ететінін айтасыздар ма?», - деді Тунберг.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған