$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еуроодақ суицидтің алдын алу бойынша бірқатар бағдарламаны қолға алды

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің орынбасары бірегей бағдарламалар туралы айтты 

 

Еуроодақ суицидтің алдын алу бойынша бірқатар бағдарламаны қолға алды
Фото: ашық дереккөзден

Еуропалық Одақ өзіне-өзі қол жұмсау мәселесін өте өзекті деп санайды. Суицидтің алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі құралдарды пайдалана отырып, іс-шаралар қабылданады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың өзіне өзі қол жұмсау фактілерін жауапты жариялауына арналған панельдік пікірталас барысында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Мачей Адам Мадалинский бірқатар бағдарламалар туралы айтып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Еуропалық негіздемелік бағдарламалар ең озық практикаларды адамдардың психикалық денсаулығын ілгерлету мәселелерін көздейді. Сонымен қатар Еуропалық одақ алаңында адамдардың психикалық денсаулығы және ковид толқындарының адамның психикалық жай-күйіне қаншалықты ықпал ететіні, суицидтің алдын алу бойынша ең озық практиканы қарастыру бойынша тәжірибе алмасу ұйымдастырады, осыған қатысты әртүрлі бастамалар бар. Мысалы, австриялық бағдарламаны алсақ, ол ең озық бағдарлама болып есептеледі. Бүгінгі шарада суицид, өзіне-өзі қол жұмсау мәселелері туралы БАҚ-та қаншалықты жауапты жарияланып жатқанын қарастырамыз. Сондай-ақ COVID-19-дан кейін адамдардың психологиялық және т.б. күйін жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуді және оны кең тұрғыда іске асыруды көздеп отырмыз. Бұл осы бағдарламаны Қазақстанда және Орталық Азияда іске асуының жаңа кезеңі болады. Бұдан бөлек, есірткіге тәуелді адамдарға қатысты өңірлік бағдарлама, медициналық бағдарлама бар. Өзіндік жазалау емес, денсалық сақтау тұрғысынан, сол адамдарды емдеу, психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділігі бар адамдарды емдеу. Өйткені олардың арасында суицид көп болатыны түсінікті, олардың алдын алып, болдырмау керек. Сондықтан да оны белгілі бір денсаулық сақтаудың мәселесі ретінде қарау маңызды», - деді спикер.

Мачей Адам Мадалинский Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп әлеуметтік бағдарлама іске қосылғанын атап өтті. Бұл – Қазақстандағы жасөспірімдердің COVID-19-дан кейінгі психикалық және жалпы денсаулық жағдайын жақсарту бойынша іс шаралар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#суицид #Еуроодақ