Алматы облысында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты орын алды

Azattyq Rýhy

Автобус 8 автокөлікпен және 1 трактормен соқтығысқан

Алматы облысында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты орын алды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында жолаушылар автобусының техникалық ақауы себебінен ірі жол апаты болды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент хабарлағандай, Алматы-Жандосов автожолы бойында ЛиАЗ көлігінің тежегіші істен шыққан. Соның кесірінен автобус жүргізушісі 8 автокөлікпен және 1 трактормен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан автобуста болған бірнеше жолаушы мен жүргізуші Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіге шықты.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.