06.04.2022, 21:16
Жаңалықтар
Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген көлік жүргізушісінен суық қару табылды
Сараптама тағайындалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды
Фото ашық дереккөзден
Астанада мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген көлік жүргізушісінен суық қару табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тойота Камри» көлігі Тұран даңғылының бойында тоқтатылған. Тексеру барысында 35 жастағы жүргізушісінен тіркеуден шығарылған 12 мемлекеттік нөмір белгісі, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы мен 4 оқ тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сондай-ақ, көлік жүргізушісінің астана аумағында болған қандай да бір құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоқтығын анықтау бағытында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды