$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы: азаптау фактісі бойынша ҰҚК-ның 8 қызметкері тергеліп жатыр

Арнайы прокурорлар ең резонансты 10 жағдайды тергеуде

Қаңтар оқиғасы: азаптау фактісі бойынша ҰҚК-ның 8 қызметкері тергеліп жатыр
Фото: egemen.kz

Ұсталған адамдарды тергеу кезінде заңсыз әрекеттерге барды деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 8 қызметкері тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінен басқа, 1 полиция өкілі қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынған азаматтарды азаптады деген күдікке ілінген.

«Тергеу жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуына және заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Тергеудің рұқсат етілмеген әдістері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар ең резонансты 10 жағдайды тергеуде. Аталған істер бойынша арнайы прокурорлар 9 лауазымды адамды ұстады. Оның ішінде 8 ұлттық қауіпсіздік қызметкері мен 1 полиция өкілі бар», - деді Қилымжанов.

Серіктес жаңалықтары